«Қайрат» шабуылшысы Бразилияда ота жасатты

«Қайрат» шабуылшысы Бразилияда ота жасатты


Алматылық «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло крест тәрізді байламды үзген соң сәтті ота жасатты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ота Бразилияның Натал қаласындағы Сан-Рафаэл ауруханасында өтті. Хирургтер Освальдо Лара мен Родриго Брага операцияны сәтті аяқтаған.

Жоао енді Бразилияда оңалту кезеңін бастайды. Кейін Қазақстанға оралып, қалған ем-домын клубтың медицина штабының бақылауында жалғастырады.

Айта кетейік, шабуылшы бұл ауыр жарақатты көктемде алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или