Watson Forbes тізіміне енді: басты мақсаты – Aegis кубогын көтеру

Watson Forbes тізіміне енді: басты мақсаты – Aegis кубогын көтеру


Қазақстандық киберспортшы Алимжан «Watson» Исламбеков Forbes Kazakhstan журналының «30 жасқа дейінгі 30 үздік» тізіміне кірді. Бұл – жыл сайын түрлі салада табысқа жеткен жастарға берілетін құрмет.

«Мен үшін ең үлкен жетістік – The International турниріне қатысу. 2023 және 2024 жылдары қатыстым, енді 2025 жылы да барғым келеді. Арманым – Aegis кубогын басымнан асыра көтеріп, Қазақстанға әкелу», – деді Watson Forbes-қа берген сұхбатында.

2025 жылы ол BLAST Slam 2 мен FISSURE Universe 4 турнирлерінде екінші орын алды. Ал Cloud9 командасымен The International 2024 турнирінде үздік алты команданың қатарына енді.

«Қиын сәттерде өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жатқанымды еске түсірем. Сондай-ақ отбасыма көмектесіп, олар ешнәрседен тарықпаса деймін», – деп түйіндеді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или