Александр Бублик «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші (62) «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында италиялық Янник Синнерге (1) 0:3 (1:6, 5:7, 0:6) есебімен есе жіберді.
Үш сетке дейін жалғасқан кездесу 1 сағат 49 минутқа дейін созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 5 эйс жасап, бірде-бір брейк рәсімдей алмады.
Александр Бублик қазақстандық теннисшілер үшін тарихи жетістікке қол жеткізді – бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына дейін жеткен емес. Ол дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте 19 позицияға дейін көтеріліп, әлемнің 43-ші ракеткасы болады.
Айта кетейік, аталмыш турнирдің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Бублик бесінші айналымға дейін жеткені үшін 440 000 еуро сыйақыны қанжығасына байлады.