«Барыс» шабуылшысына ҚХЛ клубынан ұсыныс түсті

«Барыс» шабуылшысына ҚХЛ клубынан ұсыныс түсті

Шабуылшы Дамир Жафяров карьерасын «Нефтехимик» сапында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы клубтың спорт директоры Антон Марчинский мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Дамирға ұсыныс жасадық. Қазір ол агентімен оны талқылап жатыр. Шешімін күтіп отырмыз», — деді функционер баспасөз мәслихатында.

Өткен маусымды шабуылшы «Барыс» сапында өткізді, 27 матчқа қатысып, 5 ұпай (1 гол + 4 пас) жинады.

2022 жылдан бері Жафяров бес клуб ауыстырып үлгерді: «Торпедо», СКА, «Ак Барс», «Авангард» және «Барыс».


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или