Қазақстан құрамасы жұлдыздарының нарықтық құны өзгерді

Қазақстан құрамасы жұлдыздарының нарықтық құны өзгерді

Transfermarkt порталы Ресей Премьер-Лигасында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы ойыншыларының нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ахмат» шабуылшысының нарықтық құны айтарлықтай өсті. Енді ол 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл оның РПЛ-дағы тұрақты ойыны мен халықаралық аренадағы сенімді өнерімен байланысты.


Ал «Зенит» қорғаушысының бағасы керісінше, төмендеді. Transfermarkt Әліптің құнын 3 миллион еуроға дейін түсірді. Бұған соңғы матчтардағы ойынының аса жарқын болмауы себеп болуы мүмкін. Соған қарамастан, ол Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірі болып қала береді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или