Ұлттар лигасының финалына төрт құрама жолдама алды

Ұлттар лигасының финалына төрт құрама жолдама алды

2024/25 жылғы Ұлттар лигасы шешуші кезеңге таяды. Жартылай финал ойындары 4 және 5 маусым күндері өтеді, ал 8 маусымда үшінші орын мен финалдық кездесу болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz  сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

Финалдық кезең Германияда өтуде. 4 маусымда Мюнхенде Германия мен Португалия кездессе, 5 маусымда Штутгартта Испания мен Франция өзара мықтыны анықтайды.

Германия – Португалия

Нагельсманн шәкірттері топтық кезеңде Нидерланды, Венгрия және Босниямен бір топта өнер көрсетіп, жеңіліссіз көш бастады. Венгрияны 5:0, Боснияны 7:0 есебімен жеңді. 1/4 финалда Италиямен жолы түйісіп, алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңсе, қарымта матч 3:3 есебімен аяқталды.

Құрамда Тило Керер қайта шақырылды. Сонымен қатар, алғаш рет 19 жастағы Том Бишоф («Хоффенхайм») пен бойы екі метрге жуық Ник Вольтемаде («Штутгарт») ұлттық құрамаға шақырту алды.

Португалия да өз тобынан жеңіліссіз шықты – 4 жеңіс, 2 тең ойын. Хорватия, Шотландия және Польша секілді мықты командалармен ойнады. Алайда ширек финалда Даниямен қиын кездесу өтті: алғашқы ойында 0:1 есебімен ұтылды, ал қарымта матчта Роналду пенальти соға алмай қалса да, Тринкау мен Рамуштың голдарымен 3:2 есебімен жеңді. Қосымша уақытта тағы екі гол соғып, келесі кезеңге өтті.

Құрамда 40 жастағы Криштиану Роналду әлі де негізгі ойыншы. Сонымен қатар, «Портуда» жақсы маусым өткізген 18 жастағы Родригу Мора да шақырту алды.

Испания – Франция

Испания – Еуропа чемпионы, қазіргі Ұлттар лигасының жеңімпазы және алдағы 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі. Соңғы екі жылдан бері ресми кездесуде жеңілмеген. Топтық кезеңде Швейцария, Дания және Сербияны артта қалдырды.

Ширек финалда Нидерландымен сырт алаңда 2:2 ойнап, өз алаңында матчты пенальтиге жеткізді. Негізгі уақыт – 2:2, қосымша – 1:1, пенальти – 6:5. Құрамда бұрынғы жұлдыз Иско («Бетис») қайта шақырылды. Сонымен қатар, орталық қорғаныста Пау Кубарси, Дин Хейсен, Ле Норман мен Дани Вивиан бар. Нико Уильямс жарақаттан енді ғана айыққан, сондықтан Нико мен Ламин тандемі алаңға шықпауы мүмкін.

Франция топтық кезеңде тек бірінші турда Италиядан жеңіліп, қалған ойындарда жеңіске жетті. Қарсыластары – Израиль, Бельгия. Ширек финалда Хорватиядан сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылып, қарымтада екінші таймда екі гол соғып (Олисе, Дембеле), пенальти сериясында жеңді.

Қорғаныста айтарлықтай өзгерістер бар. Упамекано, Салиба және Кунде жарақатына байланысты шақыртылған жоқ. Орнына Лоик Баде, Пьер Калюлю, Люка Эрнандес пен Клеман Лангле алынды. Шабуыл шебінде ерекше назарда – 21 жастағы Райан Шерки. Ол жақын арада «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы алдағы жартылай финалдық кездесуге келесі коэффициенттерді ұсынады:

Германия – Португалия: – Германия финалға шығады – 1.40 – Португалия финалға шығады – 2.96 – Германия жеңеді (негізгі уақытта) – 1.82 – Португалия жеңеді – 4.25

Испания – Франция: – Испания финалға шығады – 1.74 – Франция финалға шығады – 2.09 – Испания жеңеді – 2.47 – Франция жеңеді – 3.02

Жалпы жеңімпазға: – Германия – 3.15 – Испания – 3.25 – Франция – 3.70 – Португалия – 5.70

Қызықты болжамдар: – Қазақстан ӘЧ-2026-ға қатысады – 7.80 – Қырғызстан ӘЧ-2026-ға қатысады – 50.00

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или