Ерасыл Шукатаев уақытша чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізеді

Ерасыл Шукатаев уақытша чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізеді

OCTAGON лигасының жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында тұрған қазақстандық файтер Ерасыл Шукатаев (12-5) уақытша чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның қазіргі чемпионы — өзбекстандық Анвар Абуллаев (9-0) жарақатына байланысты титулын қорғай алмайды. Осыған орай, Шукатаев уақытша чемпион атағы үшін жекпе-жекке шығады. Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, 21 маусымда Алматыда OCTAGON 74 турнирі өтеді. Онда ауыр салмақта қазақстандық Константин Меркулов (5-4) пен ТМД аумағында танымал поп-ММА және ММА өкілі, ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаевпен (11-5) үміткерлік жекпе-жек өтеді.

Сондай-ақ, OCTAGON лигасының түлектері — UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандықтар Азат Мақсұм мен Бекзат Алмахан екенін де атап өткен жөн.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букемекерлік компаниясы 

OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или