Құжат мәселесі Бреусты екі ойында мұзайдынға шығармады

Құжат мәселесі Бреусты екі ойында мұзайдынға шығармады

Қазақстан хоккей құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус 2025 жылғы әлем чемпионатының алғашқы екі кездесуін өткізіп алды. Бұған спортшының құжаттарымен байланысты қиындықтар себеп болды. Ол командаға Венгрияға қарсы маңызды матч алдында ғана қосылды.

Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушысы Сергей Шавернев өз пікірін білдірді. Ол бұл жағдай жас ойыншының кінәсі болмаса да, ұлттық құраманың беделіне әсер ететінін айтты.

«Бреусқа қатысты мәселе мені қатты алаңдатты. Чемпионатқа барар алдында өзімен сөйлескенмін. Иә, ол жас ойыншы, бірақ мұндай келеңсіздіктер команданың имиджіне кері әсер етеді. Біз оның алғашқы екі матчқа қатыспайтынын алдын ала білгенбіз, бірақ бұл ақпарат ашық айтылмады. Ақыры бәрібір жұрт біліп қойды», – деді Шавернев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или