Бублик пен Синнер «Ролан Гаррос» жартылай финалына таласады

Бублик пен Синнер «Ролан Гаррос» жартылай финалына таласады

Қазақстандық Александр Бублик "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына алғаш рет жолдама алып, енді әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен күш сынасады.

1/8 финалда Бублик бесінші ракетка саналатын британдық Джек Дрейперді 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, тамаша камбэк жасады. Бұл – оның мансабындағы ең ірі жетістіктерінің бірі.

Ал Синнер осыған дейінгі төрт матчында да қарсыластарын үш сетте жеңіп келеді. Соңғы кездесуде ресейлік Андрей Рублёвты 6:1, 6:3, 6:4 есебімен оңай ұтты.

Бублик пен Синнер арасындағы матч Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или