46 жастағы даңқты боксшы шаршы алаңға қайта оралады

Филиппиндік аңыз Мэнни Пакьяо төрт жыл үзілістен кейін рингке қайта оралатынын мәлімдеді. Ол осы уақыт бойы Филиппиндегі үйінде жаттығуын тоқтатпағанын айтып, қолының жылдамдығы мен спорттық формасын сақтап қалғанын жеткізді.
«Қазір саясатқа бас қатырмаймын. Бар назарым – боксқа бағытталған. Әлі де жұдырықтасуға дайынмын. Күш-жігерім, мақсатым, еңбек етуге деген құлшынысым – бәрі орнында. Мен әлі қоштасқан жоқпын», – деді 46 жастағы Пакьяо AP агенттігіне берген сұхбатында.
Пакьяо 19 шілде күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Марио Барриоспен жұдырықтасады.
Барриос – 29 жастағы америкалық, оның еншісінде 29 жеңіс (18 нокаут), 2 жеңіліс және 1 тең ойын бар. Ал Пакьяоның рекорды – 62 жеңіс (39 нокаут), 8 жеңіліс, 2 тең есеп.