Мераб жыл соңына дейін екі жекпе-жек өткізгісі келеді

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Мераб Двалишвили Шон О’Мэллимен өтетін айқастан кейін кіммен күш сынасуы мүмкін екенін айтты. Ол 2024 жылы тағы екі рет октагонға шығуға ниетті.
«Егер жыл соңына дейін тағы екі жекпе-жек өткізе алсам, өте қуанышты болар едім. Қазір қарап отырсам, Кори Сэндхагенмен айқасуға мүмкіндік бар сияқты. Біз бұрын ешқашан кездескен емеспіз. Ол – өте мықты, тәжірибелі спортшы. Біздің салмақта талай мықтыны жеңген», – деді Двалишвили BJPenn басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Мераб күзге дейін бір жекпе-жек өткізіп, жыл соңында тағы бір айқасты Нью-Йоркте немесе қазіргі тұратын жері – Лас-Вегаста өткізгісі келетінін жасырмады.
Айта кетейік, Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы титулды кездесу UFC 316 турнирі аясында өтеді.