«Ақшаға алдау». Атақты бапкер Пакьяоның жекпе-жегін сынап тастады

Америкада танымал жаттықтырушы Джефф Мейвезер Мэнни Пакьяоның шаршы алаңға қайта оралуына ашық наразылық білдірді. Оның айтуынша, 46 жастағы бұрынғы чемпионның жекпе-жегі – жай ғана атағын саудаға салу.
“Шынымды айтсам, аң-таң болып отырмын. Бұл әділетсіздік. Басқа жігіттер қанша жыл еңбек етіп, рейтинг жинап, титул үшін күресуге тырысады. Ал Пакьяо келіп, дайын тұрған белбеуге таласа кетеді. Бұл жекпе-жек емес, кәдімгі ақша табудың амалы”, – деді Мейвезер FightHype басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Пакьяо (62–8–2, 39KO) мен Марио Барриос (29–2–1, 18KO) арасындағы айқас 19 шілдеде Лас-Вегаста өтеді. Жекпе-жек барысында WBC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Мэнни Пакьяо соңғы рет 2021 жылы рингке шыққан еді.