Хоккей. Шетелдік клуб Қазақстан чемпионына көз тікті

Хоккей. Шетелдік клуб Қазақстан чемпионына көз тікті

Belarushockey.com журналисі Степан Воронков беларусь Гомельдің ресейлік шабуылшы Владислав Никулинге қызығушылық танытқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Менің мәліметім бойынша, өткен маусымда "Арлан" (Көкшетау) клубының сапында Қазақстан чемпионы атанған ресейлік шабуылшы Владислав Никулин Гомель дің назарына іліккен. Айтпақшы, форвард 2023/2024 маусымында "сілеусіндердің" сапында ойнаған", - деп жазады журналист өзінің Telegram-арнасында.

Еске салайық, өткен маусымда «Арлан» финалда «Торпедоны» серияда 4:0 есебімен ұтып, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или