Лука Модрич мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Италиялық «Милан» клубының жаңа спорттық директоры Игли Таре командаға Лука Модричті шақырғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клуб басшылығымен талқылауды бастап та кеткен көрінеді. Ішкі келіссөз барысында оның есімі де аталған, деп жарыса жазуда Еуропаның бірнеше БАҚ өкілдері.
Модрич «Реалдан» кететінін хабарлаған сәттен бері әлемнің бірнеше клубынан ұсыныс алды. Бірақ ойыншы шешім қабылдауға асықпайды.
Италиялық La Repubblica басылымы болса тәжірибелі футболшы қызыл-қара жейдені киюге келісімін берген деген ақпарат таратты. Ол «россонеримен» 2026 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қояды. Қазір келіссөздер шешуші кезеңге жеткен. Айта кету керек, Лука бала кезінен «Милан» клубының жанкүйері болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или