Мэнни Пакьяо рингке қайта оралу себебін түсіндірді

Мэнни Пакьяо рингке қайта оралу себебін түсіндірді

Сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Мэнни Пакьяо рингке қайта оралу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Филиппиндік аңыз боксшы 19 шілде күні WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Марио Барриоспен жекпе-жек өткізеді.

Пакьяо жанкүйерлерге тағы да жарқын әсер сыйлауға уәде берді:

«Біз тамаша жекпе-жек өткізіп, жанкүйерлерге керемет шоу сыйлай аламыз. Марио — мықты чемпион. Ал мен ше? Мені білесіздер, мен әрқашан жанкүйерлерді таңғалдыра аламын. Бұрын да талай мәрте дәлелдедім», – деді Пакьяо PBC телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Пакьяо соңғы рет рингке 2021 жылдың тамызында шығып, кубалық Йорденис Угасқа төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или