«Жетісу» футзал клубы тараған қауесеттерге жауап берді

«Жетісу» футзал клубы тараған қауесеттерге жауап берді

«Жетісу» футзал клубы ресми мәлімдеме жасап, команданың жабылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады:

«Соңғы уақытта біздің командамыз таратылады деген қауесеттер тарауда. Сіздерді сендіргіміз келеді — бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Біздің командамыз 2025/2026 жылғы футзал маусымында Қазақстан чемпионатына қатысуды жалғастырады және алдағы маусымға дайындық жоспарларын құрып жатыр. Алда жарқын эмоциялар мен тартысты ойындар күтіп тұрғанына сенімдіміз!

Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алыңыз — біздің Instagram парақшамызда жарияланған мәліметтерге ғана сеніңіз.

Қолдауларыңыз үшін рахмет!» - деп хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или