Төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы рингке оралады

Төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы рингке оралады

Төрт салмақ санатында әлем чемпионы атанған филиппиндік боксшы Нонито Донэйр (42-8, 28КО) ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Чили елінің өкілі Андрес Кампоспен (17-2-1, 6КО) WBA ұйымының уақытша белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек WBA ұйымдастыратын жыл сайынғы KO to Drugs фестивалі аясында өтеді.

42 жастағы Донэйр соңғы рет 2023 жылдың шілдесінде Алехандро Сантьягоға қарсы шыққан еді. Ол кезде филиппиндік боксшы WBC тұжырымы бойынша бос тұрған чемпион белбеуіне таласып, жеңіліс тапты.

Нонито Донэйр — төрт салмақта әлем чемпионы атағын иеленген санаулы боксшылардың бірі. Сонымен қатар, ол жартылай жеңіл салмақтағы ең егде жастағы чемпион ретінде тарихта қалды — бұл жетістікке ол 38 жасында жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или