«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы жаңа клубпен келісімшартқа отырды

«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы жаңа клубпен келісімшартқа отырды

Қорғаушы Никита Камалов череповецтің «Северстальмен» бір жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings.ru-ге сілтеме жасап.

Хоккейші өткен маусымды «Барыста» бастап, «Металлургте» аяқтады. Камалов — Новокузнецк хоккейінің түлегі. Сондай-ақ Камалов ҚХЛ-да «СКА», «Амур», «Сочи» және новокузнецктің «Металлург» командаларында өнер көрсетті.

2024/25 жылғы маусымында 29 жастағы Камаловтың ҚХЛ-да тұрақты және плей-офф кезеңіндегі 63 ойыны және +3 рейтингімен 11 (2+9) ұпайы бар.

Өткен маусымда «Северсталь» ҚХЛ Шығыс конференциясында алтыншы орын алып, плей-оффтың бірінші кезеңінде «Спартактан» 1-4 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или