Даниял «Т-34» Эльбаев OCTAGON 74 турнирінде өнер көрсетеді

Даниял «Т-34» Эльбаев OCTAGON 74 турнирінде өнер көрсетеді

ТМД-ға танымал ресейлік ММА және поп-ММА файтері, «Т-34» лақап аты бар Даниял Эльбаев (11-5) Қазақстандағы турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуразиялық жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі хабарлағандай, поп-ММА жұлдызы 21 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 74 турнирінде ауыр салмақта үміткер жекпе-жегін өткізеді, оның қарсыласы қазақстандық файтер Константин Меркулов (5-4) болады.

Айта кетейік, Эльбаев бұған дейін OCTAGON турнирінде 2023 жылы қазіргі дивизион чемпионы Карим Рузбакиевпен (10-3) октагонда кездескен болатын.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің титулдық демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или