Александр Бублик ATP рейтингінің топ-50 қатарына енді

Александр Бублик ATP рейтингінің топ-50 қатарына енді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос-2025» турниріндегі сенсациядан кейін ATP live-рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир басталар алдында теннисші 62-орында тұрған еді, ал қазір ол бірден 43-ші сатыға көтерілді.

Еске салайық, 27 жастағы қазақстандық теннисші, осыдан төрт жыл бұрын Гарростың жұптық сынында финалист болған Александр Бублик әлемнің 5-ракеткасы, 23 жастағы Ұлыбритания өкілі Джек Дрейпермен кездесті.

Матч 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен Қазақстанның бірінші ракеткасының пайдасына аяқталды.

Александрдың келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер мен ресейлік Андрей Рублёв арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Айта кетейік, биыл Александр Бублик «Үлкен дұлыға» турнирінде екі сенсация жасады. Бұған дейін қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурды 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңген еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или