Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турниріндегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турниріндегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалында сансация жасап, әлемнің 5-ракеткасы ұлыбританиялық Джек Дрейперді жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кейде өмірде бір-ақ мүмкіндік болады... Бұл менің мүмкіндігім екенін сездім және оны жіберіп алмау керек болды. Мұнда тұру — өмірімдегі ең керемет сәт», - деді Бублик матчтан кейінгі сұхбатында көз жасына ерік беріп.

Еске салайық, Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің жекелей сынында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық ер теннисші.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или