Қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, титул еншіледі

Қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, титул еншіледі

Тараз қаласында IBO world championship турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1-0, 7 КО) Чили өкілі Даниела Асенхоға (17-4-3, 2 КО) қарсы көптен күткен реваншын өткізіп, жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Лукас пен Асенхо рингте кездескен болатын, ол жекпе-жек латиноамерикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы екінші жеңіл салмақтағы IBO чемпиондық белбеуі үшін өткен кездесуде Ангелина Лукас қарсыласын басым түсті. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды — Асенхо алтыншы раундтан кейін рингке шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или