Александр Бублик «Ролан Гарроста» сенсация жасады

Александр Бублик «Ролан Гарроста» сенсация жасады

Бүгін «Ролан Гаррос» турнирінде ерлер арасындағы жекелей сында 1/8 финал матчтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы қазақстандық теннисші, осыдан төрт жыл бұрын Гарростың жұптық сынында финалист болған Александр Бублик әлемнің 5-ракеткасы, 23 жастағы Ұлыбритания өкілі Джек Дрейпермен кездесті.

Матч 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен Қазақстанның бірінші ракеткасының пайдасына аяқталды.

Александрдың келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер мен ресейлік Андрей Рублёв арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или