Ресми: Антуан Гризман мен «Атлетико» келісімшартын ұзартты

Ресми: Антуан Гризман мен «Атлетико» келісімшартын ұзартты

Франциялық ойыншы Антуан Гризман мен испаниялық «Атлетико» клубы арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос тарап арасындағы жаңа келісімшарт 2027 жылға дейін жарамды болады.

34 жастағы шабуылшы мадридтік клуб сапында жалпы 442 матч өткізген. Осы аралық 3 трофей жеңіп алған. Сонымен қатар барлық матчта 197 гол соғып, 93 голдық пас берген.

Гризманға бұған дейін америкалық МЛС клубтары қызығушылық танытқаны белгілі болған. Бірақ ойыншы барлық ұсыныстан бас тартып «Атлетикода» қалуды жөн санады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или