«Ролан Гаррос»: Александр Бублик – Джек Дрейпер матчының тікелей трансляциясы

«Ролан Гаррос»: Александр Бублик – Джек Дрейпер матчының тікелей трансляциясы

«Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (№62) Ұлыбритания елінің өкілі Джек Дрейперге (№5) қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы қазақстандық сенсация жасап Алекс Де Минаурды жеңгеннен кейін, 1/16 финалда португалиялық Энрике Рошаны үш сетте айқын басымдықпен жеңді – 7:5; 6:1; 6:2.

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған, британдық Дрейпер 1/16 финалда үш сетте бразилиялық Джоао Фонсеканы сенімді түрде жеңді – 6:2; 6:4; 6:2.

Бұл матчтың тікелей көрсетілімі қазақстандық уақыт бойынша сағат 19:40-та басталады және осы сілтеме бойынша қолжетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или