Әлібек Қасым әлем чемпионатының іріктеу матчына қатыспайды

«Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым алдағы ойындарда ұлттық құрамаға көмектеспейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қорғаушы Әлібек Қасым Қазақстан құрамасы сапында алдағы ойындарға қатыспайтыны хабарланды.
«Ақтөбе» – «Қайрат» кездесуінде Қасым жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады.
Осы себепті Әлібек оқу-жаттығу жиынына келмеді. Оның орнын кім басатыны жақын арада белгілі болады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 маусым күні Минскіде Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізсе, 9 маусымда Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или