Абзал Бейсебеков Премьер-лиганың матчтары бойынша «Астана» рекордын орнатты

Абзал Бейсебеков Премьер-лиганың матчтары бойынша «Астана» рекордын орнатты

«Астананың» 32 жастағы қорғаушысы Абзал Бейсебеков 11-турда «Елимайға» қарсы ойында (2:0 жеңіс) елордалық клуб сапында Премьер-лигада 300-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бейсебековтің жоғарғы лигадағы дебюті 2009 жылы 6 сәуірде «Атырауға» қарсы ойында (2:1 жеңіс) өтті. Биылғы маусым оның «Астана» сапындағы үзілістері бар 15-ші маусымы. Осы уақытқа дейін чемпионатта 300 кездесу өткізіп, 14 гол соққан.

«Астанадан» бөлек «Қайрат» (16 матч) және «Восток» (23 матч) сапында өнер көрсетті. Бейсебеков Премьер-лигада өткізілген матчтар саны бойынша клуб рекордының иегері. Оның Қазақстан жоғарғы дивизионында барлығы 339 ойыны мен 14 голы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или