Артем Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

36 жастағы «Акрон» шабуылшысы Артем Дзюба алматылық «Қайратқа» ауыспайды және ресейлік клубта өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біздің клубтың жейдесін киіп, ресейлік футболдың үздік бомбардирі атанған шабуылшы тағы бір маусымға келісімшартқа отырды! Өткен маусымда Артем Ресей Премьер-лигасында 22 матч өткізіп, 9 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. «Ойыншы Ресей кубогында екі ойын өткізіп, бір гол соқты», - деп жазады «Акрон» баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» президенті Қайрат Боранбаев Артем Дзюбаның жазғы трансферлік терезеде ауысуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или