Қазақстан Таиландтағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Таиландтағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды

Бангкокте өткен Thailand Open 2025 халықаралық бокс турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша жалпы есепте екінші орынды иеленді. Олар тек күміс медаль саны жағынан ғана Өзбекстан боксшыларынан қалып қойды.

Алтын медальдарды Торехан Сабырхан (70 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Елдана Тәліпова (80+ кг) жеңіп алды.

Күміс медальдарды Надежда Рябец пен Гүлсай Ержан иеленді. Ал қола жүлдені Нұрзат Оңғарұлы, Нұрсұлтан Алтынбек, Дулат Бекбауов, Бекзат Танатар және Данияр Рахымбердіұлы жеңіп алды.

Дереккөз: Sport+ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или