Қазақстандық теннисші Ұлыбританиядағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 230-орын) Бирмингемдегі (Ұлыбритания) «Челленджер» турнирінің жекелей сынында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында Жұқаев франциялық Саша Геймар Вайенбургпен (263-орын) кездесіп, одан екі сетте 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 56 минутқа созылды. Осылайша, Бейбіт турнирдегі өнерін аяқтады.
Бирмингемдегі турнирдің жүлде қоры 181 250 еуро. Жеңімпаз 25 740 еуро жинап, 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или