Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» жартылай финалға шықты

«Аят» Қазақстан чемпионаты ширек финалдық плей-офф сериясының үшінші кездесуінде өз алаңында «Ақтөбеден» күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчта «Аят» фаворит саналғанымен, «Ақтөбе» сырт алаңда 7:2 есебімен ірі жеңіске жетті.
Гол соққандар: Чураско (1’), Филипиньо (11’), Акбаликов (18’), Маринкович (19’), Бока (19’), Чураско (26’), Биэл (29’), Жеже (34’), Филипиньо (34’).
Осылайша, «Ақтөбе» серияда 2-1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или