Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирінің төртінші айналымында жарыстан шығып қалды. Ол осы жарыстың үш дүркін чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швёнтекке жол берді.

Кездесу тартысты өтті. Лена бірінші сетте 6:1 есебімен жеңіп, жақсы бастады. Бірақ кейінгі екі партияда поляк теннисшісінің мысы басым болды – 3:6, 5:7. Өкінішке қарай, Рыбакина былтырғы ширек финалдық жетістігін қайталай алмады.

Осы жарыста төртінші айналымға жеткені үшін отандасымыз 265 000 еуро табыс тапты. Бұған дейін ол “Ролан Гарроста” 2021 және 2024 жылдары ширек финалға дейін жеткен еді.

Швёнтек енді украиналық Элина Свитолинамен кортқа шығады. Әлемнің 14-ракеткасы саналатын Свитолина төртінші айналымда италиялық Жасмин Паолиниді үш сетте жеңіп шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или