Чемпиондық табыс: ПСЖ УЕФА-дан €148,4 млн алады

2024/25 маусымында Чемпиондар лигасын жеңіп алған «Пари Сен-Жермен» клубы УЕФА тарапынан €148,4 миллион сыйақы алады. Бұл туралы Football Meets Data аналитикалық жобасы X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Аталған сома финалда «Интерді» 5:0 есебімен жеңгені үшін берілетін €6,5 миллионды және алдағы УЕФА Суперкубогына қатысқаны үшін қосылатын €4 миллионды қамтиды. Бұл матчта Луис Энрике шәкірттері «Тоттенхэммен» кездеседі.
Финалда жеңілген миландық «Интердің» табысы €136,6 миллионды құрайды. Ал еуромаусымдағы табыс бойынша үшінші орында лондондық «Арсенал» тұр – €117 миллион.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или