Кварацхелия тарихқа енді: Чемпиондар лигасын жеңген екінші грузин

Кварацхелия тарихқа енді: Чемпиондар лигасын жеңген екінші грузин


«Пари Сен-Жермен» клубының вингері Хвича Кварацхелия УЕФА Чемпиондар лигасын ұтқан Грузия тарихындағы екінші ойыншы атанды. Бұл жетістік оған 2024/25 маусымындағы финалда «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін бұйырды.

Бұған дейін тек Каха Каладзе ғана грузин футболшыларының ішінен бұл турнирде топ жарған болатын. Ол «Милан» сапында 2002/03 және 2006/07 жылдары Чемпиондар лигасын екі мәрте жеңіп алған.

Хвича 2025 жылдың қаңтарында «Наполиден» ПСЖ-ға ауысты. Жарты маусымда италиялық клуб үшін 19 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Ал француз клубы сапында 25 кездесуде 7 гол, 6 ассистпен көзге түсті.

Кварацхелия маусымды төрт бірдей трофеймен аяқтады: біреуі – «Наполимен», үшеуі – ПСЖ-мен, оның ішінде Франция чемпионаты, Кубогы және Чемпиондар лигасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или