Мэнни Пакьяо рингке қайта оралады

Мэнни Пакьяо рингке қайта оралады


Аты аңызға айналған боксшы Мэнни Пакьяо алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді. Ол жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы Марио Барриосқа қарсы шығуға дайын екенін ESPN арнасына берген сұхбатында айтты.

«Мен әрқашан тарих жасағанды ұнатамын. Жаттығуды қайта бастағанда, ішкі жігер мен күштің әлі де бар екенін сездім. Дәрігер де жағдайым жақсы екенін растады. Өзін керемет сезініп тұрмын, жекпе-жекке дайынмын», – деді Пакьяо.

Филиппиндік боксшы Йорденис Угаспен болған сәтсіз жекпе-жекті де еске алды. Сол кезде аяқтары тырысып, бұрынғыдай қимылдай алмаған. Оның айтуынша, сол жолы жаттығу жеткіліксіз болған.

«Қазір Фредди Роучпен бірге қайта жаттығып жатырмын. Ескі Мэнни қайта оралды. Бұдан кейін не болатынын көреміз. Қазір тек бір ғана жекпе-жекке назар аударып отырмын», – деді бұрынғы әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или