Ұлан Қонысбаев «Тараздан» кетпегенін мәлімдеді

Ұлан Қонысбаев «Тараздан» кетпегенін мәлімдеді


Футболшы ретінде танылып, қазір «Тараз» клубының спорт директоры қызметін атқарып жүрген Ұлан Қонысбаев өзіне қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet сайтына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында клубтағы жұмысын жалғастырып жатқанын және селекциялық бағытқа жауапты екенін айтты.

«Тараған ақпаратқа байланысты айтарым – мен әлі де  «Тараз» футбол клубында жұмыс істеймін», – деді Қонысбаев.

Айта кетейік, Ұлан Қонысбаев ойыншы ретінде «Астана», «Қайрат», «Шахтер» сынды командаларда доп тепкен. Қазір «Тараз» Бірінші лигада сегіз турдан кейін тоғызыншы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или