Александр Бублик «Ролан Гарроста» тарихи нәтиже тіркей ме?

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. 27 жастағы спортшы мансабында тұңғыш рет осы жарыстың 1/8 финалына шықты, деп жазады Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Бубликтің келесі қарсыласы британдық Джек Дрейпер болмақ. Бұл спортшы 2024 жылы«Үлкен Дулыға» санатына жататын US Open жарысының жартылай финалына дейін жеткен. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте бесінші орынға жайғасқан. Осы турнирі барысында рейтингте Бубликтен жоғары тұрған теннисшілерді жеңген. Екінші айналымда жарыс қожайыны әйгілі Гаэль Монфисті жарыс жолынан шығарған.
Рейтингте жетпіс сегізінші сатыға жайғасқан Бублик турнирде сенсация жасап үлгерді. Екінші айналымда тоғызыншы орындағы австриялық Алекс де Минорды жеңді. Сеть саны бойынша 0:2 ұтылып жатып, камбэк жасап, 3:2 есебімен ұтты.
Осыған дейін теннисшілер кортта үш рет кездескен. Алғашқы ойында қазақстандық теннисші басым түссе, кейінгі екі матчта «Тұманды Альбион» тумасы жеңіс тойлаған.
Бір алаңдайтын жәйт: Бублик үздік бестікке кіретін теннисшілер қарсы сәтсіз ойнайды. Мықтыларға қарсы матчтардың 80 пайызын жеңілген.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі де Джекті айқын фаворит санап отыр. Қазақстандық теннисшінің ұтысына 7.40 коэффициент ұсынса, Дрейпердің жеңісіне 1.09 кэф беріп отыр.
Бублик ширек финалға шыға алмаса да қайсарлық танытып, қарсылық көрсетініні анық. Кемі бір сеть тайбрекке дейін созылуы мүмкін. Сондықтан, Джектің еншісіне кететін гейм саны 19,5-тен көп деген нәтижені таңдауға болады. Tennisi.kz бұл нәтижеге 1.87 кэф ұсынады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.