Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында үздік төрттіктен көрінді

Оңтүстік Кореяның Куми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарысты алты жүлдемен аяқтап, командалық есепте төртінші орын алды.
Екі алтынды Нора Джеруто жеңіп алды – ол 3000 метрге бөгеттермен және 5000 метрге жүгіруде топ жарды. Дейзи Джепкемей 10000 метрде бірінші болып келсе, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде қола жүлдегер атанды.
Биіктікке секіру сайысында Елизавета Матвеева күміс медаль еншілесе, спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымда үшінші орын алды. Командалық есепте Қазақстан мен Катар бірдей нәтиже көрсетіп, төртінші орынға табан тіреді. Топ жарған – Қытай, одан кейін – Үндістан мен Жапония.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или