«Жеңіс» қақпашысы ұлттық құрама сапына шақыртылды

«Жеңіс» қақпашысы ұлттық құрама сапына шақыртылды


«Жеңіс» футбол клубының қақпашысы Дінмұхаммед Жомарт уақытша түрде Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Маусым айындағы ойындарға дайындықты бастаған құрама әлі толық жасақталған жоқ. Сол себепті бапкерлер штабы жаттығу жұмысына өзгеріс енгізіп отыр.

«Құрама қатары толық емес. Ойыншылар біртіндеп қосылып жатыр. Негізгі қақпашылар келгенше, жаттығуға Дінмұхаммед Жомарт тартылды», – делінген ұлттық құраманың баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін құрамаға шақыртылған қақпашылардың қатарында Стас Покатилов, Александр Заруцкий, Бекхан Шайзада және Мұхаммеджан Сейсен болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или