Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» Еуропа лигасында ойнайды

Әзірбайжандық «Сабах» клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның командасы өз тарихында алғаш рет Әзірбайжан кубогын жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Финалда Алексей Березуцкий шәкірттері ел чемпионы «Қарабахты» қосымша уақытта 3:2 есебімен ұтты.
43-минутта Покатилов пенальтиді қайтарды.
«Сабах» осы жеңісінің арқасында 2025/26 жылғы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнау құқығына ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или