Лионель Месси «Интер Майамиге» жеңіс сыйлады

31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Форт-Лодердейлдегі DRV PNC стадионында (АҚШ, Флорида) Интер Майами мен Колумбус Крю арасындағы MLS матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Аргентиналық жұлдызды шабуылшы Лионель Месси екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның отандасы шабуылшы Тадео Альенде де қанжыға майлады. Тағы бір голды атақты уругвайлық шабуылшы Луис Суарес соқты.
Испаниялық жартылай қорғаушы Серхио Бускетс 90 минут бойы ойнап, бір нәтижелі пас берді. Тағы бір испандық Хорди Альба матчқа қатыспады.
16 матчта 29 ұпай жинаған «Интер Майами» MLS Шығыс конференциясында үшінші орынға жайғасқан. 17 матчта 28 ұпай жинаған Колумбус Крю Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде бесінші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или