Зайнутдинов маусым айындағы матчтарға қатыспайды

ҚФФ баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының Беларусь пен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға арналған алғашқы жаттығуынан бейнежазба жариялады. Құрама оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, бірақ әзірге толық құрам жиналған жоқ.
«Ақыры балалар жиналып жатыр. Бүгін – жиынның бірінші күні. Құрама әлі толық емес, бір-екі күнде түгел боламыз», – деп жазды ҚФФ.
Сонымен қатар, Бахтиер Зайнутдиновтың жарақатына байланысты алдағы екі кездесуге қатыспайтыны белгілі болды. Ол 4 маусымға дейін командамен бірге болып, жеке бағдарлама бойынша жаттығады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 5 маусымда Борисовте Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 9 маусымда «Астана Аренада» Солтүстік Македонияны қабылдайды. Басталуы – 19:00.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или