Покатилов сәтті пенальти қайтарып, «Сабах» Әзербайжан Кубогын жеңіп алды

Бакудің «Сабах» командасы Әзербайжан кубогының финалында «Қарабақты» 3:2 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, жеңісті гол қосымша уақытта соғылды.
«Сабах» сапынан Павол Шафранко (36-минут, пенальти), Кахим Паррис (90+7) және Теллур Муталлимов (119) көзге түсті. «Қарабақтан» Кади (45+1) және Хон Ирасабаль (68, автогол) гол соқты.
Қазақ футболшысы Стас Покатилов бұл ойында негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді. Ол 42-минутта қарсыластың пенальтиін қайтарып, командасын үлкен қиындықтан құтқарды. Осылайша, «Сабах» клубы өз тарихында алғаш рет Әзербайжан кубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или