Айымбетовтың «Адана Демирспоры» Түркия Суперлигасынан шығып қалды

Түркия Суперлигасының 38-турында «Адана Демирспор» өз алаңында «Газиантеппен» тең ойнады – 2:2.
Алаң иелері сапында Набиль Алиуи екі рет гол соқты (11, 35 минут), ал қонақтардан Александру Максим пенальтиден (32) және Эммануэль Боатенг (64) есепті теңестірді.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Аймбетов негізгі құрамда ойынды бастап, 82-минутта алмастырылды. Ол бұл ойында нәтижелі әрекет жасай алған жоқ. Маусым соңында «Адана» турнир кестесінде соңғы орынды иеленіп, Суперлигадан түсіп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или