Самородов пен «Ахмат» Премьер-лигада қалды

Самородов пен «Ахмат» Премьер-лигада қалды


2025/26 жылғы маусымда Ресей Премьер-лигасында ойнау құқығы үшін өткен плей-офф кезеңінің жауапты матчында Грозныйдың «Ахматы» өз алаңында «Уралды» 2:0 есебімен жеңіп, қос кездесудің қорытындысы бойынша (3:2) жоғарғы лигада қалды.

Кездесудегі алғашқы гол 51-минутта пенальтиден соғылды – оны шабуылшы Георгий Мелкадзе мүлтіксіз орындады. Ал 90+3-минутта жартылай қорғаушы Даниил Зорин есепті еселеп, матчтың соңғы нүктесін қойды.

Бірінші ойында екатеринбургтік клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткенімен, бұл нәтиже жеткіліксіз болды. Маусым қорытындысы бойынша «Ахмат» РПЛ-да 14-орын алса, «Урал» Бірінші лигада төртінші болды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ахмат» сапында толық матч өткізіп, келесі маусымда да Премьер-лигада өнер көрсететін болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или