Стас Покатилов Әзербайжан Кубогының финалындағы басты қаһарманы атанды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжан Кубогының финалында шешуші рөл атқарды. Оның қорғауындағы «Сабах» қосымша уақытта «Қарабақты» 3:2 есебімен жеңіп, трофейге қол жеткізді.
43-минутта Покатилов «Қарабақ» қорғаушысы Турал Байрамовтың пенальтиін қайтара білді. Бұл сәт матч тағдырына әсер еткен шешуші эпизодтардың бірі болды. «Сабах» сапынан Павол Шафранко (36-минут, пенальти), Кахим Пэррис (90+7) және Теллур Муталлимов (119) мергендігімен көзге түсті.
Ал «Қарабақ» тарапынан Кади (45+1) гол соғып, тағы бір голды «Сабах» ойыншысы Йон Ирасабаль өз қақпасына соғып алды (68). Сонымен қатар 57-минутта Шафранко тағы бір пенальтиді іске асыра алмады – бұл жолы оның соққысын «Қарабақ» қақпашысы Матеуш Кохальски қайтарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или