Сакен Бибосынов жарақаттан толық айықты

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сакен Бибосынов ұлттық құрамамен алдағы жарыстарға дайындалып жатыр. Бұл туралы ол «Kokshe TV» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Жарақаттан кейін үш ай демалдым. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны Ресейдің Кисловодск қаласында өтті. Одан кейін Хабаровскідегі турнирге қатысып, жеңіске жеттім. Кейін Алматыда жаттықтық, қазір Бурабайдамыз. Құрама сапында алдағы жарыстарға қызу дайындалып жатырмын. Жарақатымнан толық айықтым, жанкүйерлерге қуаныш сыйлай беремін», – деді Бибосынов.
Еске салайық, Сакен 2024 жылы Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында ауыр жарақат алып, ота жасатқан еді. Биыл сәуір айында ол Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротков атындағы халықаралық турнирде топ жарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или