Роналду Клубтық әлем чемпионатына қатыспақ

Роналду Клубтық әлем чемпионатына қатыспақ


Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду клубтық әлем чемпионатына қатысатын командалардың біріне қысқа мерзімді келісімшартпен қосылмақ. Бұл туралы JBurtTelegraph басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Роналду турнирге қатысып, содан кейін ғана болашағына қатысты нақты шешім қабылдамақ. Қай клубта жалғастыратыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Криштиану Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасынан кететінін мәлімдеген болатын. Оған дейін ол Еуропада «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентус» сапында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или