«Реал» Александер-Арнольдқа ауысқаны үшін 20 миллион еуро бонус төледі

Трент Александер-Арнольд «Реал Мадридке» ауысқаны үшін шамамен 20 миллион еуро көлемінде қол қою бонусын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оң қаптал қорғаушысы «корольдік клуб» қатарына еркін агент ретінде қосылды, бұл клубқа трансферлік төлемнен бас тартып, қаржыны ойыншының бонусына бағыттауға мүмкіндік берді. Мұндай тәжірибені мадридтіктер бұған дейін де қолданған — Антонио Рюдигер мен Давид Алаба да клубқа дәл осындай шарттармен ауысқанда осындай төлемдер алған болатын.
25 жастағы англиялық футболшымен келісімшарт 2031 жылдың жазыңа дейін есептелген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или