Хусанов «Манчестер Сити» сапында неге алаңға шықпай жүргені белгілі болды

«Манчестер Сити» клубының өзбекстандық қорғаушысы Абдукодор Хусанов маусым соңына қарай жасыл алаңға шыққан жоқ, деп жазады Prosports.kz.
Aladop.kz журналист Мамадияр Мухтаровқа сілтеме жасап хабарлағандай, «Манчестер Сити» мен «Ленс» арасындағы келісімде Хусанов маусымда алаңға 10 реттен көп шықса, «Сити» француздарға қосымша 5 миллион еуро төлеуі керек деген тармақ болған. Сондықтан биылғы маусымда Хусановтың англиялық клуб сапындағы ойын саны әдейі тоғыз матчпен шектелді.
Айта кетейік, Хусанов «Ман Ситиге» биыл қаңтарда ауысты. Қорғаушы клуб сапында тоғыз матчқа қатысып, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или